12
қазан
2018
Ата-анаға кеңес
Ата-анаға кеңес
- Құрметті ата-аналар, анықта айқын айтылған сөз, тіл мәдениетінің бөлінбейтін сапалы бөлшегі. Ал сөйлеу қоршаған ортаны танып, қатынасудың маңызды құралы болып табылатынын есте сақтаңыздар.
- Логопед, тәрбиеші және ата-аналардың бірлесіп істеген әрекетінің күшімен ғана, баланың тілін сөйлеуін түзетуге болады.
- Балаға үйде күн тәртібін құрып, логопедтің тапсырмаларын орындауға жағдай жасап, бала ұйқысы 10 сағаттан кем болмай, ал жатар алдында баламен сабырлы да байыпты әңгіме құрауды әдетке айландырыңыз.
- Баланың оқу іс-әрекеттерге қызығушылығы арттыру үшін, онымен бірге қажетті суреттерді дайындап, суреттер салып, баланың жұмыс дәптерін көркемдеуге болады.
- Логопедтің үйге берілген тапсырмаларын орындауды, өзіңіздің туыстарыңызға, балаларыңызға және басқа бөгде адамдарға жүктемеңіз. Өйткені олар ешқашан балаға сіздей көңіл бөліп, орындата алмайды.
№26 балабақша логопедтері
Назарларыңызға рақмет!