Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған «Жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған мектеп жасына дейінгі балалармен логопедиялық жұмыстың мазмұны» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары » КММ "№ 26 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№26 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 385-68-98
Әдіскер:
+7(727) 385-69-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған «Жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған мектеп жасына дейінгі балалармен логопедиялық жұмыстың мазмұны» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары
03
наурыз
2022

Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған «Жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған мектеп жасына дейінгі балалармен логопедиялық жұмыстың мазмұны» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары

 Наурызда Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған «Жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған мектеп жасына дейінгі балалармен логопедиялық жұмыстың мазмұны» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілген болатын.
Курс қатысушылары жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған балалармен практикалық тәжірибе алмасу мақсатында Алматы қаласы білім басқармасының «№26 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған балабақша» КММ-де болып, арнайы балабақшаға бару барысында ұйым меңгерушісі А. М. Базбащаева тыңдаушыларды қабылдады, ол балабақшаны арнайы жабдықпен жарақтандырылғанын көрсетті. Тыңдаушыларға логопедтер А. Н.Жаңабай, А. Н. Ештай, дефектолог Э. Т. Мұқажанова, тәрбиешілер А. Б. Иркитбаева, С. М.Садуакасованың ұйымдастырылған ашық оқу қызметтерін көруге мүмкіндік берілді. Курс соңында тыңдаушылар нормативтік-әдістемелік, дидактикалық материалдар пакетін алды.
Курс аяқталған соң, балабақша меңгерушісіне,логопедтер мен тәрбиешілерге- арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының алғыс хаты тапсырылды.

https://www.instagram.com/p/Cco5-8BjBag/?utm_source=ig_web_copy_link