14
март
2025
14 -Март Көрісу күні!
Көрісу күнін - Март мейрамының бастауы деп айтуға болады. Бұл күні таң атысымен халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.
https://www.instagram.com/reel/DHL96wzMIra/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DHL96wzMIra/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
